Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылмаса айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылмаса айыппұл салынады

05.01.2024

Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылмаса айыппұл салынады. Осыған орай Түркістан облысының полицейлері көліктерді тексеріп,жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өңірдің тәртіп сақшылары 100-ге тарта көлікті тоқтатып, оның ішінде газ баллонды жабдығы бар автокөлік иелеріне арнайы белгіні орнату бойынша ескертпе жасады. Оларға арнайы жабыстырманы орнатпаған жағдайда 11 мың теңгеге жуық айыппұл салынатыны ескертілді.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу