Нетаньяху: Кепілдегілер босатылмайынша, бітім болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нетаньяху: Кепілдегілер босатылмайынша, бітім болмайды

04.11.2023

Израиль Хамас кепілге алған 240-тан астам адам азат етілмейінше, бітімге келіспейді. Мұны осы елдің премьер-министрі мәлімдеді. Израильге барған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Биньямин Нетаньяхуды гуманитарлық үзіліс жасауға көндіре алған жоқ. Бұған қоса, Израиль күштері Әл-Шифа ауруханасынан науқастарды Рафах бекетіне апара жатқан жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасаған. Хамас-тың мәлімдеуінше, жарылыстан 13 адам қаза тапқан. Израиль көлікке соққы бергенін мойындап, «Хамас» машинаны өз мақсатына қолдану арқылы әскерге қауіп төндірді деп мәлімдеді. Соңғы мәліметтерге сай, Израильдің шабуылынан Газа секторында қаза тапқандар саны 9 мыңнан асып кетті. Олардың 4 мыңға жуығы - бала.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу