Брюссельде қазақстандық ғалымдар Еуропа тәжірибесін үйренеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде қазақстандық ғалымдар Еуропа тәжірибесін үйренеді

24.11.2023

Қазақстандық делегация Брюссельде Еуропалық Одақтың ғылымды коммерцияландыру саласындағы тәжірибесін игеруде. Ғылым қорының қызметкерлері мен сарапшылардан құралған делегация, «Horizon Europe» ұлттық үйлестірушілерінің 5-ші кездесуіне қатысып жатыр. «Horizon Europe»-Еуроодақтың ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған бағдарламасы. Қазақстандық ғалымдар шараға қатысу арқылы Еуроодақтың ғылым мен инновация жөніндегі саясатын терең түсінуге мүмкіндік алмақ.

Кремена Милева, Еуропалық комиссияның саяси сарапшысы:

Қазақстан ғалымдары біздің бағдарламамызға белсенді қатысады деген сенімдеміз. Себебі бұл зерттеушілерге көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстанның ғылым қорымен ынтымақты арттыруға ниеттіміз.

Әлия Сембаева, «Ғылым қоры»АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Гранттарға ие болу үшін біз ұлттық бағдарламамызды Еуроодақтың «Horizon Europe» бағдарламасымен үйлестіргіміз келеді. Бағдарламаның бюджеті 100 млрд еуро. 2028-жылы мұнда жаңа бағдарлама жүзеге асады. Еліміздің мүддесі үшін біз соған өз ұсыныстарымызды енгіземіз.

Нұрсұлу Қасым


бельгия

Хабарламаларға жазылу