Брюссельде ЕҰУ оқытушылары «Біліктілікті арттыру» бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде ЕҰУ оқытушылары «Біліктілікті арттыру» бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуда

19.12.2014
Брюссельде ЕҰУ оқытушылары «Біліктілікті арттыру» бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуда

«Еуропалық Одақтың білім саласындағы гранттарын қалай жеңіп алуға болады? Кәрі құрлықтың беделді оқу орындарымен ынтымақтастықты арттырудың жолы қандай?

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бір топ оқытушысы Брюссельде осы мәселелер бойынша еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

Оқу ордасының «Біліктілікті арттыру» бағдарламасы бойынша 30 ұстаз 10 күн бойы Бельгияның инновациялық бизнес және ақпараттық технология салаларындағы тың тәжірибесін игеретін болады.

Сонымен қатар, оқытушылар Брюссельдегі университеттердің зертханалар мен қолданбалы физика орталықтарындағы зерттеу жұмыстарымен танысуда.  

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу