Атырауда ұстаздар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ұстаздар баспаналы болды

22.11.2023

Атырауда өзге өңірлерден келген мұғалімдерге пәтер кілті табысталды. Білім беру саласында 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 6 бірдей ұстаз қоныс тойын тойлады. Президент мұғалім жетіспейтін өңірлердегі мәселені шешуді тапсырған болатын. Арнайы бағдарлама аясында биыл мұнайлы өңірге еліміздің басқа облыстарынан 10 мұғалім келді. Әсіресе Алматы, Орал қалаларынан қызығушылық танытатындар көп. Енді желтоқсан айының ортасына дейін тағы 4 педагогке баспана кілтін табыстау жоспарланып отыр.

Гүлжан Боранбаева, Ұстаз:

Осындай бағдарламаның шыққанын былтыр естідім. Содан кейін биыл тамыз айында конкурсқа қатыстым. Өте қуаныштымын. Бұл ұстаздарды қолдау. Білім саласына деген үлкен мән беру деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Бағыт

Хабарламаларға жазылу