Атырауда 144 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 144 отбасы баспаналы болды

01.08.2014
Атырауда 144 отбасы баспаналы болды

Атырауда  «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша  144 отбасы баспаналы болды.

Пайдаланылуға берілген  жаңа екі үйден  20 пәтер балалар үйінің түлектеріне, тағы 20-ы  жағдайы төмен отбасыларына, 48-і кезекте тұрғандарға бұйырды.

Қоныс тойын тойлайтындардың ішінде  54 жас отбасы да  бар.

Ал, өткен жылы Атырау облысы бойынша  515 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 6 айдың қорытындысы бойынша 222 мың шаршы метр  баспана тұрғызылды.

Жанболат Құспанов, пәтер иесі:

Бүгін бізге қуанышты күн. Осының бәрі Елбасымыздың арқасы. Осы бағдарлама ашылғанда ең алғашқылардың бірі болып құжат тапсырып едік. Бүгін үйдің кілтін алып отырмыз. Әрі қарай осындай бағдарламалар өзінің жалғасын таба беруіне шын жүректен тілектеспін.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу