Атырауда 132 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 132 отбасы баспаналы болды

02.02.2024

Атырауда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 132 пәтердің кілті табысталды. Құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған тұрғын-үй кешенінің әр пәтері жеке жылыту қазандықтарымен қамтылған. Бұл жылу маусымының бекітілген уақытын күтпей, өз қалауы бойынша пәтерді жылытуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да қаладағы тұрғын-үй кезегін азайту бағытында бірқатар жоба жоспарлы түрде жалғасын таппақ. Айта кетейік, өңірде 22 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұр.

Әсемгүл Рысмағамбетова, көпбалалы ана:

2013 жылы кезекке тұрған едім. Қазір алып жатырмын. 5 баланың анасымын. Өте қатты қуаныштымыз үй алғанымызға.


Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу