Көкшетаулық оқушы шетелдік 4 университеттен шақырту алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық оқушы шетелдік 4 университеттен шақырту алды

22.11.2023

Көкшетаулық оқушы шетелдік төрт университеттен шақырту алып, 260 мың доллар шәкіртақыға ие болды. Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің оқушысы Алина Айқын АҚШ еліндегі әлемге танымал жоғары оқу орындарының сынағынан сүрінбей өтіп, білім алу грантын иеленген. Ағылшын және математика пәніне қызыққан ол, болашақта экономика саласын терең зерттеп, елдің дамуына үлес қоссам,- дейді. Жас дарын түрлі әлеуметтік жобаларға бастамашы болып, волонтерлік клубтың мүшелігіне кірген. Оған қоса, «Инклюзивті академия» халықаралық бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға ағылшын тілін үйретіп, түрлі чемпионаттар мен турнирлер ұйымдастырған.

Алина Айқын, Оқушы:

Көптеген олимпиадаларға, халықаралық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Одан да басқа ғылыми жобаларға, дебат сайыстарына қатысып, жүлделі орын алдым. Сондай-ақ, стажировка өттім. Шетел компанияларындағы бизнес-жобаларымды жасадым.

Ұмсандық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу