БҚО-да 4 мектептің түлектері түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 4 мектептің түлектері түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды

09.08.2023

Батыс Қазақстанда 4 мектептің түлектері түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Екі білім ошағы облыс орталығында орналасса, екеуі ауыдық жерде. Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейін 36 оқушы тәмамдаған. 2 түлек шетелдік оқу орнының грантын жеңіп алды. Қалғандары отандық университеттерде білім алмақ. Тағы бір білім ошағының түлектері жақсы нәтиже көрсетті.

22 оқушының үшеуі «Алтын белгіге» ие болса, төртеуіне ерекше үлгідегі сертификат табысталды. Сыныптың тең жартысы педагогика мамандығын таңдаған.


Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу