Астанада аялдаманың әйнегін сындырған жігіт ұсталды
Астанада аялдаманың әйнегін сындырған вандал ұсталды. Елде «Құқықтық тәртіп» кең ауқымды операциясы басталған болатын. Жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні ел аумағында 17 мың 500 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Жүргізуші куәлігінен айырылған 220 азамат пен 100-ден астам адам мас күйінде көлік тізгіндеген, сонымен қатар, іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды.
Ал бұл Елорданың Біржан сал көшесінде болған оқиға. 18 жастағы тұрғын аялдама әйнегін сындырған. Оған әкімшілік іс қозғалып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
Әсима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00