Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары майшаммен отыр
Павлодар облысынан 20 шақырым жердегі елдімекеннің жартысында қазір электр қуаты жоқ, тұрғындар майшаммен отыр. Қатты желдің кесірінен, 80 нен астам жеке меншік үйлердің шатыры ұшып, қабырғасы құлаған. Аймақта жалпы дауылдан кейін 5 елді мекен әлі жарықсыз отыр.
Ахмер Нұртазин, Заря ауылының тұрғыны:
Бірінші шатырын жұлып алды. Шатырын жұлып алғаннан кейін қабырғасы бірге кетті қатты желден. Сапа жоқ, үйдің төбесі жоқ. Тағы жел болса, ұшады ғой біздің үй.
Ауыл әкімі кешке дейін барлық үйге жарық беріледі деп сендірді. Дүлей дауыл зардабын жою үшін аймақтың тоғыз ауданында техногендік тұрғыдағы төтенше жағдай жарияланған. Сондықтан бизнес нысандарынан басқа, мемлекеттік мекемелерге және тұрғындардың жеке меншігіне келтірілген шығын резервтік қаржы есебінен өтеледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03