1300 шақырымнан астам теміржол салу жоспарланып отыр
Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында елімізде 1300 шақырымнан астам теміржол салу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Достық–Мойынты, Бақты–Аягөз, Дарбаза–Мақтаарал желілері және Алматы маңы айналма жолы. Бұл туралы еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев, Үкіметте өткен жиында айтты. Онда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметі және еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері көтерілді. Министрдің айтуынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі 246 млн тоннаны құрап отыр. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға артық. Жыл соңына дейін 300 млн тоннаға жеткіземіз дейді Марат Қарабаев.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03