Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті. Онда Мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берді. Үкімет Сайлауалды тұғырнама бойынша қол жеткізілген нақты нәтижелермен бөлісті.
Жақында ғана Мемлекет басшысы «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қойды. Сондай-ақ, биыл 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін көбейді.
Демек, шамамен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің табысы өсті. Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Түрлі инстанцияларға жүгінбей-ақ, проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыратын Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Жыл басынан бері 847 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 420 мыңнан астамы – жастар. Биылғы наурыздан бастап жас кәсіпкерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 2,5%-бен шағын несие беру қолға алынды. 7,4 мың өтінім қабылданды, 5,3 мыңнан астамына несие мақұлданды. Мүгедектігі бар кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам грант берілді.
Жақында ғана Мемлекет басшысы «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қойды. Оның аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болады.
2023 жыл 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін көбейді. Демек шамамен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің табысы өсті
Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шамамен 632 мың ата-ана 258 млрд теңгеден астам сомаға төлем алды
Түрлі инстанцияларға жүгінбей-ақ, проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыратын Отбасының цифрлық картасы енгізілді
2029 жылға дейін 3,3 млн-нан астам азаматты жұмыспен қамту міндетін жүзеге асыру үшін 450 мың жаңа жұмыс орнын құру: 2023 жыл 1қаңтардан бастап 847 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 420 мыңнан астамы – жастар
2023 жыл 1наурыздан бастап жас кәсіпкерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 2,5%-бен шағын несие беру қолға алынды. 7,4 мың өтінім қабылданды, 5,3 мыңнан астамына несие мақұлданды. Мүгедектігі бар кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам грант берілді.