Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізе алмай жатыр. Бұған энергия тапшылығынан интернет пен телефон байланысының үзілуі себеп.
Біріккен Ұлттар Ұйымы: қолдау көрсетілмесе, палестиналық анклавтағы екі миллионнан астам адамның түгелдей аштыққа ұшырайтынын ескертті. Израиль әскері қазір Газаны қоршап, «Хамас» жасақтарымен шайқасып жатыр. Бұл соғыс қазанның 7-де басталды. Содан бері 11 жарым мыңдай палестиналық мерт болды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҰҰ Газаға гуманитарлық көмек енгізе алмай отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/184839/)