Газаға екінші рет гуманитарлық көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газаға екінші рет гуманитарлық көмек жеткізілді

23.10.2023

Газа секторына екінші мәрте гуманитарлық көмек енгізілді. Оның құрамында жүк тиелген 14 машина бар. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеді. Мұндай жәрдемнің алғашқы 20 машиналық колоннасы Газаға Мысыр жақтан Рафах өткізу пункті арқылы сенбі күні кірген.

Израиль 2 миллионнан астам тұрғыны бар Газаны Хамастың шабуылынан кейін, яғни, қазанның 7-нен соң блокадаға алды. Содан бері бұл секторда азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыз су мен отын таусылуға жақын. Соғысқа дейін Газаға күніне жүздеген жүк машинасы тауар апарған.

Израиль әуе күштері бұл анклавты әлі бомбалап жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Газада авиациялық соққылардан 4651 адам қаза тауыпты. Солардың екі мыңға жуығы – бала. Израиль болса, 1400-дей адам жоғалтқан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу