Жамбыл облысында фосфор қалдығы жол салуға жұмсалады
Тараздағы тау болып үйілген фосфор қалдығы енді жол салуға жұмсалмақ. Бұл туралы Жамбылға жұмыс сапарымен барған еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
Оның сөзінше фосфогипсті ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу үшін пайдалануға болады. Бүгінде бұл мақсатта 140 мың тоннасын алқапқа сеуіп, автожолға төсеп көрген. Қазір қала шетінде 16 млн тоннадан асатын фосфогипс қалдығы жатыр. Екі үйіндінің қасына енді үшіншісін іске қосу жоспарланған. Министр ауыл шаруашылығы мен жол құрылысында фосфогипсті пайдалану бойынша жұмысты жандандыруы қажет деді.
Ерлан Нысанбаев , ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Бірден бір мәселе бұл «Қазфосфаттың» қалдығы таза қалдық емес мұны қолдануға болатынын бәріміз білеміз. Биылғы жылдың өзінде 147 тонна ауыл шарушылығына қолданып жатыр. Бизнестің өкілдері осы «Қазфосфаттың» қалдығын өңдеуге ойлары бар.
Дәурен Доғдырбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03