Ұлттық құрама ойыншылары Сан-Мариномен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрама ойыншылары Сан-Мариномен кездеседі

17.11.2023

Магомед Адиев бастаған Ұлттық құрама ойыншылары ЕURO 2024 іріктеу кезеңі аясында Сан-Мариномен кездеседі. Матч бүгін сағат 20:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Жанкүйерлер үшін «Астана Арена» стадионына арнайы автобустар қатынайды. Қоғамдық көліктер Астаналық цирк, «Әзірет Сұлтан» және «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті маңынан сонымен қатар, «Жастар» сарайы бағыты бойынша жүреді.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу