Қазақстан бендишілері АҚШ құрамасын ойсырата ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бендишілері АҚШ құрамасын ойсырата ұтты

30.01.2014
Қазақстан бендишілері  АҚШ құрамасын ойсырата ұтты
Ширекфиналдық кездесуде АҚШ құрама командасын 11:3 есебімен ойсырата жеңген қазақстандық бенди шеберлері Иркутскіде (Ресей) өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sports.kz.
 
Бірінші кезеңде қазақстандық спортшылар қарсыластар қақпасына жауапсыз бес доп соқты. Екінші тайм басында америкалық бендишілер ойынды теңестіруге тырысып бақты. Алайда, Қазақстан құрамасының ойыншылары тегеуріндерін бәсеңдетпей, қарсылас қақпасынан тағы да алты рет саңылау тапты. Қорытынды есеп 11:3.
 
1-ші ақпан, сенбі күні Қазақстан құрама командасы Швеция-Беларусь жұбының жеңімпазымен жартылай финалда кездеседі.

Хабарламаларға жазылу