Рымбек Ізғали: Түркия топтан шығып біраз таңғалдыруы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рымбек Ізғали: Түркия топтан шығып біраз таңғалдыруы керек

16.06.2021

Бүгін 21:50-де Түркия мен Уэльс құрамалары Бакудің жасыл алаңында кездеседі. Сарапшылар Уэльске аса сақ болу керегін айтады.  Өйткені өткен жұмада Италия құрамасынан ойсырай ұтылған Түркия бүгінгі ойынға бар күшін салып, жеңіс тұғырынан көрінуі мүмкін. Өткен аптада олар алаңның жартысынан әрі аса алмай, қиналған еді. Матчтан соң құраманың бас бапкері Шенол Гюнеш те «алға жүгіре алмадық» деп қапаланған. Енді бүгін Бурак Йылмазға қарсыластың қақпасына гол соғуға кедергі көбейе қоймас.

Рымбек Ізғали, футбол сарапшысы: 
Түркия жалпы осы чемпионаттың сенсациясы болмаса да топтан шығып біраз таңғалдыруы керек деп ойлаймын. Ал Уэльс деген қалай айтсам болады бірнеше мықты ойыншылары бар. Ол құрама енді менің ойымша осы чемпионаттағы аутсайдер құрамалардың бірі.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу