5 бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды
20 млн-шы тұрғын болып аталған 5 сәбиге 2 млн теңгеден беріледі. Қаражатты «Отбасы банкі» бөледі. Ата-аналар қаржылай сертификатты алу үшін жергілікті банк филиалдарына барып, жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Мерейлі 5 сәби Ұлытау , Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында туған. Үшеуі - ұл, екеуі - қыз. Барлығы 14 қараша күні таңғы сағат 8:10-да дүниеге келген.
Мақсат Тұрлыбаев, ҚР Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары:
Жалпы демография динамикасына келсек, тәуелсіздік алған жылы біз 16,4 миллион адам болдық. Содан бері ел халқының саны 22-ден астам пайызға өсті. Егер өңірлер бойынша халық санының өсуі туралы айтатын болсақ, халықтың ең көп өсуі Шымкент қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды – 22-24%-ға.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03