Бүгін – Халықаралық зағиптар күні. Қазақстанда 17 мыңнан аса азамат көз жанарынан айырылған немесе көру қабілеті нашар. Қоғамнан қалыс қалмай, бір-бірімен арқа-жарқа араласып, еңбек еткісі келетін отандастарымыз «Қазақ зағиптар қоғамы» сияқты бірлестіктерде бас қосады. Еліміздегі зағип жандардың жай-күйі мен тілегі туралы елордалық қоғамдық ұйымның басшысы Ерғали Бұхаров айтып берді.
Ерғали Бұхаров «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Құжаттар болса мен оқи алмаймын. Сондықтан көмекшім бар. Толық жасым 72-де. Биыл 20 жыл болады. Осы көзде глаукома деген диагноз бар. Сол пайда болған. Мен өзім көп жыл қызмет істеген адаммын. Үйде отыру қиын, шығамыз, жүргіміз келеді, араласқымыз келеді. Инватакси деген көмек бар. Бірінші топқтағы мүгедектерге арналған. Баратын жерге апарады, алып келеді. Сосын мүгедектер жыл сайын тегін санаторий-курорттық емдік көмек алады. Ол 14 күн тегін болады. Сосын біз биыл массаж кабинетін аштық. Біздің жұмыс 9:00-ден 17:00-ге дейін. Келетін кісілер көп. Дүйсенбіден жұмаға дейін. Демалыс күні енді үйде көмекшім бар. Ауруханаға барамыз, поликлиникаға, аптекаға барып дәрі аламыз. Мүгедектерге көмекшілер бар. Көмекшілерге үкімет жалақысын төлейді. Көбінесе біз үйде отырамыз, сөздің шыны керек. Халық түсінеді. Қасында мүгедек тұрса, көмектесіп жібереді. Ондай жағынан қиындық жоқ. Бізде енді қоғамда профессорлар бар, мұғалімдер бар, дәрігерлер бар. Өнерлі кісілер көп. Соған қуанамыз. Қолдан келгенше көмек жасаймыз. Үйде төрт қабырғада отырмасын дейміз, оларды үйден шығарып, орталыққа әкеліп, таныстырамыз.
Қаракөз Кенжебаева