Президенттік оркестр Берлинде өткен халықаралық әскери-музыкалық фестивальге қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік оркестр Берлинде өткен халықаралық әскери-музыкалық фестивальге қатысты

08.11.2018

Қазақ өнерпаздары Германия жұртшылығын өз өнерлерімен тәнті етті. Еліміздің мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Берлинде өткен халықаралық әскери-музыкалық фестивальге қатысты. «Берлин-Тату» - Еуропадағы ең ірі фестивальдердің бірі. Жылда ұйымдастырылады. Биыл оған қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 700 музыкант келген. Қазақстан бұл шараға алғаш рет қатысты. Отандық өнерпаздар шетелдіктерді алдымен дәстүрлі музыкамен таныстырды. Қазақ әуендерінен кейін басқа да әлемге танымал хиттерді шырқады. Президенттік оркестрмен бірге америкалық танымал әнші өлең айтып, Германияның Лютфиксбург би клубы ерекше би қойылымын ұсынды. Қазақстандықтардың концерті әлі де жалғасады. Олар Франциядағы үлкен музыка фестиваліне де шақырту алды.

Талғат Бердіғұлов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Президент оркестрінің жетекшісі:

- Осы финалды дайындауға уақытымыз аз болды. Бүкіл әлемнен келген музыканттарды бір ұжымға жинауға тура келді. Көп шығарма орындадық. Әйгілі неміс марштарынан бастадық. Барлығымыздың түсінетін ортақ тіліміз бар. Ол музыка.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу