Алматыда шешендік өнер байқауы өтті
Алматыда ІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті.
Сөз сайысына еліміздің әр өңіріндегі 14 жоғары оқу орнынан студенттер қатысты. Бұл жолғы байқаудың басты ерекшелігі, алғаш рет тақырыптар сайыс үстінде берілді. Содан-ақ, додаға қатысушының оқығаны, көңілге көп тоқығаны байқалып, шешендігімен ерекше көзге түскендер алға суырылып шықты.
Айта кетейік, өнер байқауының жалпы жүлдер қоры 1,5 миллион теңге болды.
Шыңғыс Ерболұлы, ІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының бас жүлде иегері:
Қазір XXI ғасырда шешен адам қандай болуы керек? Оның образы қандай болуы керек? Мен мына бас жүлдені алдым, болдым, толдым ба? Жоқ керісінше, мені қанаттандырып, шешендік өнерді өзімнің замандастарыма үйретуге, енді ғана мектепке аяқ басқан бүлдіршіндерге ертең мұғалім болғанда үйретемін деген үлкен мақсатты қойдым.
Камнұр Тәлімұлы, ҚР білім беру ісінің үздігі, қазылар алқасының мүшесі:
Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды деп Абай атамыздың айтқан сөзі бар. Хақ сөзі бала айтса да тоқтамақ керек деп. Бұл шешендік, ділмарлық, біздің қанымызға сіңген ерекше қасиет еді. Соны жаңғырту жолында Атамұра корпорациясының демеушілігімен осы сайын екінші рет өтіп, өз мәресіне жетті. Шешен сөйлейтін, біздің шеберлеріміз, ділмарларымыздың қатары көбейе берсе біздің басты мақсатымыз сол.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркиядағы қазақ ауылында Наурыз тойланды
16.04.2026, 13:30
Оқушылар мен студенттер арасында хакатон басталды
16.04.2026, 13:27
Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз мамандық алып шықты
16.04.2026, 13:24
Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты кеңейтеді
16.04.2026, 13:21
Қазақстанмен кеден саласында Еуропалық Одақ ынтымақты күшейтпек
16.04.2026, 13:18
Вашингтон Тегеранмен келісім жасауға үмітті
16.04.2026, 13:15
Екібастұзда бұзақылар дәрігер мен медбикені соққыға жықты
16.04.2026, 13:12
Павлодарда сарбаз қаруласын жаралап, өзі атылып өлді
16.04.2026, 13:09