Өскемендік өнертапқыш сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға арналған қоларба құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендік өнертапқыш сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға арналған қоларба құрастырды

03.11.2023

Өскемендік өнертапқыш сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға арналған қоларба құрастырды. Арбаның массаж жасайтын механизмі, жылжымалы үстелі және саусақты жаттықтыруға арналған құрылғылары бар. Қоларбаны оңалту орталықтарында сынақтан өткізу үшін құжаттарын дайындап жатыр. Құрылғы дімкәс балғындарға ауадай қажет. Өйткені, тек Өскемен қаласының өзінде сал ауруына шалдыққан 900 бала бар.

Мадина Әренова, Оңалту және түзету орталығының директоры:

Бұл жасалып жатқан құрылғы үш қырлы жұмыс атқарып отыр. Бұл ар әмбе орындық, әмбе верикализация түрліше ортапедяилық жаттығулар жасауда орындыққа айналдыуға болады. Бұл ата-аналар үшін өте ұтымды.

Жобаны ғылым қорының сарапшылары да қолдап отыр. Патент алған соң 100 миллион теңгеге дейін грант бөлуге дайын. Сондықтан мамандар қазір тек арба ғана емес, сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға арналған басқа да құрылғыларды құрастыру үшін бірнеше жоба жасап жатыр.

Досым Ерболатұлы, өнертапқыш-ғалым:

Әзірше бұл тәжірибелік үлгісі. Ол қазір сынақтан өтіп жатыр. Оңалту орталықтарымен бірігіп жұмыс жасап жатырмыз. Олар өз ұсыныстарын айтады. Қай жерін жақсарту керек. Соны біз жақсартып келешекте отандық бәсекеге қабілетті өнім алу жоспарланып отыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу