Басты Жаңалықтар Қарағандыда VIII халықаралық «Roboland» байқауы басталды

Қарағандыда VIII халықаралық «Roboland» байқауы басталды

Қарағанды қаласында VIII халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі басталды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия , Ресейден келген командалар қатысуда. Олар түрлі жарыстарда шыңдалып, 1 мыңнан астам команданың арасынан іріктелген. Байқау 16 түрлі сайыстан тұрады. Биыл бірінші рет ұстаздар да өз мүмкіндіктерін көрсетеді. Ал шараның іскерлік бағдарламасында шетелдік ғалымдардың қатысуымен робототехника, информатика және STEM-білім беруді дамыту мәселелері талқыланады. Білім Министрлігінің олимпиадалар мен конкурстар тізбесіне енгізілген фестиваль талай талантты жастың болашағын қалыптастыруға негіз болмақ.

Нұрбек Түгелбай, оқушы:

Алғашқы рет шығуымыз осындай үлкен жарысқа. Ал оның алдында облыстық, қалалық жарыстарға шығып жүрдік. «Теңге алу» жарысы бойынша қатысамын. Ал мына екі бала «сумо» категориясы бойынша қатысады. Болашақта ай-ти маманы болғым келеді. Көптеген жетістіктерге жету, өз жобаларымды ойлап тапсам деймін. Сөйтіп Қазақстанымыздың дамуына үлес қосқым келеді.

Руслан Нұрланұлы


Бөлісу