Австралияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр

02.11.2023

Австралияның Квинсленд және Жаңа Оңтүстік Уэлс штаттарында бірнеше күннен бері орман өртеніп жатыр. Тілсіз жаумен күресуге бүкіл елден және Жаңа Зеландиядан өрт сөндірушілер шақырылды.

Соңғы мәліметке қарағанда, оттан екі адам қаза тауып, ондаған үй күлге айналды.

Австралияда бүгінде қауіпті өрттер маусымы жалғасып жатыр. Оның басталуына қуаңшылығымен, циклондарымен белгілі «эл Нино» метеорологиялық құбылысы себеп.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу