Австралияда 1200 гектар орман алқабы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда 1200 гектар орман алқабы өртеніп кетті

09.12.2021

Австралияның Маргарет өзенінің маңындағы орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оны сөндіруге ауа-райының қолайсыздығы кедергі жасап отыр.

Жалпы алғанда, Перт қаласынан оңтүстікке қарай 300 шақырым жердегі Бонапур қаласының қасында басталғалған өрт 1200 гектар аумақты жалмап үлгерген.

Тілсіз жаумен күреске 100-ден аман өрт сөндіруші тартылып, аймақта тұрғындарды көшіретін эвакуциялық орталық ашылды.


Хабарламаларға жазылу