Оңтүстік Калифорнияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Калифорнияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр

12.09.2022

Өткен тәулікте өрт сөндірушілерге жауын көмектесті. Бірақ штаттың астанасы Сакраменто қаласының маңында күлге айналған жасыл желек аумағы кеңейіп келеді.

Соңғы мәліметке қарағанда, онда 13 мыңнан астам гектар орман жойылған. Әзірге қайтыс болған немесе жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Болжамдарға қарағанда, тілсіз жауды тоқтату әзірге мүмкін емес. Өйткені, Оңтүстік Калифорнияда жел ұйытқып, ауаның температурасы 30 градустан төмендемей тұр.

Хабарламаларға жазылу