Түркістан облысында ауыз су және кәріз жүйелері заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында ауыз су және кәріз жүйелері заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен

01.11.2023

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ауыз су және кәріз жүйелерінің жұмысын жүргізетін мекеме заңсыз жекеменшікке берілген. Мұндай заңбұзушылықты аудандық прокуратура қызметкерлері анықтады. Қадағалаушы орган өкілдерінің мәліметінше, Састөбе кентіндегі мүліктік кешен ешбір рұқсат қағазынсыз жеке серіктестіктіктің қарамағына өтіп кеткен.

Ал мемлекет теңгеріміндегі бұл нысанның құны 397 млн теңгені құрайды. Яғни жауаптылар жергілікті тұрғындармен алдын ала келісім жүргізбестен, кешенді жекешелендіріп жіберген. Қазіргі таңда Састөбе кенті әкімдігі мен «Састөбе су» серіктестігі арасында жасалған мүліктік кешенді беру туралы келісімшарттың күші жойылды. Нәтижесінде құны 400 млн теңгеге жуық тұратын кешен мемлекет теңгеріміне қайтарылды.


Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу