Түркістан облысында жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 9 мектеп салынып жатыр
Түркістан облысында жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 9 мектеп салынып жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы мәлімдеді. Облыста 35 мың оқушы орны тапшы. Олардың бір бөлігін сыбайластардан қайтқан қаржы есебінен жүргізіліп жатыр. Өңірде су тапшылығы да өзекті. Мәселені шешу үшін тағы екі су қоймасы салынбақ. Олар - «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары. Ал Түркістанды рухани астана ретінде дамыту бастамасы жалғасуда. Алдағы 5 жылға 360-тан аса инвестициялық жоба жоспарланған. Жалпы құны – 2,8 трлн теңге. Көп кешікпей облыстағы 57 елді мекенге газ тартылмақ.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:
Биыл 18 елдімекенге жаңадан ауыз су құбыры салынып, 12 елдімекеннің тозығы жеткен су жүйелері жаңартылады. 465 елдімекенге газ жүргізіліп, қамту деңгейі 56%-ға жетті. Биыл 68 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 57 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12