Шығыс Қазақстанда тасымалдаушылар субсидия ала алмай жүр
Шығыс Қазақстан облысындағы жолаушылар тасымалдаушы кәсіпкерлерге мемлекеттен берілетін субсидия уақытылы төленбейді. Жалпы бүгінге дейін жинақталған қарыз 900 миллион теңгеге жеткен. Бұл заңсыздықты прокуратура қызметкерлелері қалалық жолаушылар көлігі және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің жұмысына талдау жүргізу кезінде анықтады. Өскемен қаласы әкімдігі биыл тасымалдаушы 8 компаниямен келісім-шарт жасап, автопарктерге атқарған жұмысының бір бөлігін субсидялау тиіс болатын. Алайда әкімдік бұл шартты уақытылы орындамай келген. Тек құзырлы органның тексерісінен соң, бірден 700 миллион теңгені төлеген. Қалған қарызды қала әкімдігі кезең-кезеңмен төленетінін хабарлады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12