Қаржы министрлігі: 6400 адамның қарызы кешірілді
Елімізде 6400 адамның банк алдындағы проблемалық берешегі кешірілді. Банкрот деп танылғандар арасындағы ең қарт тұрғынның жасы – 79-да. Айналасы 6 айда 70 мыңға жуық борышкерден арыз түскен. Кешірілген қаржы 9 млрд теңгені құрады. Салаға жауапты министрлік, жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан, банкроттық рәсімнің игілігін көре алмай отыр дейді. Қазір соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішке, қосымша құжаттарды қоса беру міндетін алып тастау қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар мамандар енді қажет делінген мәліметтерді мемлекеттік кредиттік бюроның дерекқорынан алуды көздеп отыр.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
Банктердің және микро қаржылық ұйымдардың тізімін ұлғайту. Себебі көп мекемелер осы тізімде болмағандықтан, лецензиялы болмағандықтан көп азаматтар өздерінің арыздарын өндіріп ала алмай жатыр. Сондықтан біз заңнамаға өзгерістер енгіхетін боламыз.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05
Қазақстан Еуропаға цифрлық жол ашты
15.10.2026, 20:04
Азияның ақылдасу алаңы
15.10.2026, 20:04