Қаза тапқан палестиналықтар саны 8300-ден асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаза тапқан палестиналықтар саны 8300-ден асып кетті

30.10.2023

Бүгін Израиль жауынгерлері мен танктері Газа секторына бойлай еніп, оның солтүстігіндегі Газа қаласына шығыстан да, батыстан да шабуыл жасады. Сонымен қатар, әуе соққылары да жалғасып жатыр.

Израиль бұл секторда құрлықтық операцияны үш күн бұрын бастады. Содан бері «Хамастың» 600-ден астам нысаны қиратылған.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, снарядтар госпитальдердің жанына да түсіп жатыр. Ал сол ауруханаларда науқастармен бірге 117 мыңдай босқын бар.

Соңғы мәліметке қарағанда, Израильдің бомбалау операцияларынан қазанның 7-нен бері мерт болған палестиналықтардың саны 8300-ден асып кеткен. Ал Израиль 1400-дей адам жоғалтқанын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу