Коронавирустан көз жұмғандардың саны 800-ден асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан көз жұмғандардың саны 800-ден асып кетті

09.02.2020

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, коронавирустан көз жұмғандардың саны Қытайда 800 ден асып кетті. Айтпақшы 2019 жылдың соңында вирус таралу қаупі барын ескерткен Ухань қаласында тұратын дәрігер Ли Вэньляннің өзі де вирус жұқтырып, 3 күн бұрын қаза тапты. Ол өмірінің соңына дейін ауруларды емдеген. Ал вирус таралу қаупін айтқанда жалған ақпарат таратып жүр деп билігі айыптаған екен...

Коронавирустың әлемдік экономикаға әсер ететіні туралы жиі айтыла бастады. Мысалы, РБК сайтының хабарлауынша, ресейлік экономист, банкир Герман Греф «Әзірге айтарлықтай емес, алайда уақыт өте бәрі өзгеруі мүмкін, егер созылып кетсе» деген. Себебі түсінікті – Қытай дайын өнім шығарудың немесе бүкіл әлемге қосалқы бөлшек дайындаудың фабрикасы. Goldman Sachs сарапшылары мұнай пайдаланудың тәулігіне 260 мың баррельге түсуі мүмкін екенін болжаған. Қытайдың осы көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 20 процентке азайған.

Алматыдағы әйгілі барахолкалардың саудагерлері не дейді?

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу