Елімізде коронавирус жұқтықтарғандар саны 600-ден асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтықтарғандар саны 600-ден асып кетті

06.04.2020

Коронвирус бойынша елдегі жалпы ахуалға тоқталсақ. Бір тәулік ішінде елімізде тағы 45 адамнан Covid-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 629-ға жетіп отыр. 45 адам жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай, 6 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің барлық 17 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында. Одан кейін Алматы қаласы. Қарағанды облысында 48, Ақмола өңірінде 42 науқас тіркелді. Қызылордада 37, Жамбыл облысында 35, Түркістан аймағында 28, Атырауда 29 адамнан вирус анықталған. Солтүсік Қазақстанда 25, Шымкент қаласында 14, Ақтөбе облысында 11, Алматы облысында 10 дерек тіркеліп отыр. Өзге аймақтарда науқастар саны он адамға жетпейді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу