Халық саны 20%-ға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық саны 20%-ға өсті

30.10.2023

2009 жылғы санақпен салыстырғанда Қазақстан халқы 20 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының соңғы қорытындыларында баяндалады.

Бүгінде елімізде адам саны 2 млн-нан асқан өңірлердің жалпы саны үшеу. Олар: Алматы мен Түркістан облыстары және Алматы қаласы.

Ал халық саны күрт өскен аймақтар арасында бірінші орында - Астана қаласы тұр. Елордада 2009-шы жылдан бері халық саны 2 есе артқан. Ал Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында 1 жарым есе көбейген.

Адам саны 2 млн асқан өңірлер:

Алматы облысы - 2 146 576

Түркістан облысы - 2 054 021

Алматы қаласы - 2 030 285

 Халық саны өскен аймақтар:

2009 жыл 2021 жыл

Астана - 613 000 Астана - 1 234 000

Шымкент - 730 000 Шымкент - 1 112 400

Маңғыстау облысы - 485 000 Маңғыстау облысы - 735 000

Қаракөз Кенжебаева


Хабарламаларға жазылу