Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

06.05.2020
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 6 мамырда Шымкент қаласында найзағай ойнап, дауыл соқса, Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Бүгін Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райы болжамын назарда ұстауға шақырады.

Хабарламаларға жазылу