Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райына байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды

29.10.2023

«Қазгидромет» тұрғындарға ескерту жариялады. Бүгін еліміздің біраз аймағында ауа райы құбылады. Елордада түні бойы жауған қар аралас жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін.

Ақмола мен Қарағанды облысында жауын-шашын болуы ықтимал. Еліміздің батыс аймағын тұман басуы мүмкін. Ал таулы аймақтарға қалың қар түседі деген болжам жасалған. Жетісу мен Алматы облыстарында жел ұйытқып соғуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан өңірінде қар жауып, бұрқасын болады. Синоптиктер тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырды. Себебі, еліміздің барлық өңірінде желдің екпіні күшейіп, секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.

Тәуірбек БОЗЕКЕН


Қазгидромет ауа райы жауын-шашын қар жаңбыр

Хабарламаларға жазылу