Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24.02.2020
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында күндіз тұман болады. 

24 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. 

24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне де тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Дүйсенбі Орал қаласында тұман болады, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетуі мүмкін. 

24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дүйсенбі Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болады. 

Бүгін Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Хабарламаларға жазылу