Шахтада қалған кеншілерді іздеу жұмыстары жалғасуда
Шахтада қалған кеншілерді іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазір оқиға орнынан біздің тілшіміз Руслан Нұрланұлы байланысқа шығады. Руслан, соңғы ақпараттармен бөліссеңіз.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Өрттің соңы жарылысқа ұласқан апаттан кейін шахтада қалып қойған 13 кеншіні іздеу түнімен жалғасты. Әзірге тек екі кеншінің денесі табылды. Құтқарушылар екі учаске бойынша жұмыс істеуде. Жарылыс дүмпуі 2,5 шақырым қашықтыққа жеткен. Сол себепті үйінділер бар. Сондай-ақ, құтқарушылардың алға жылжуы метан газының мөлшерін анықтай отырып біртіндеп жүргізілуде. Кей аумақта көміртегінің оксиді көп шоғырланғаны байқалған.
Ал лаваларда ашық жанып жатқан от жоқ. Бұған дейін төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов кеншілердің аман қалуына үміт аз екенін айтқан. Қазір оқиға орнында 55 құтқарушы және 10-нан астам арнайы техника жұмыс істеуде. Сонымен, қайтыс болғандар саны 35 адам. Оның 29-ы жоғарыға шығарылды. Марқұмдардың көбінің жеке басын анықтау қиынға түсіп жатыр,- дейді мамандар.
Ал жоғарыға аман шыққан 208 кеншінің 20-дан астамы ауруханада. Олардың дені метан газынан уланған. Қазір токсикология бөлімінде ем қабылдауда.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12