Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі?

28.10.2023

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шахтада зардап шеккендерге медициналық көмек жедел әрі толық көрсетіліп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, әртүрлі деңгейде газбен уланғандар токсикология бөлімшесінде ем алуда. Медициналық көмек көрсетуге барлық дәрігер жұмылдырылды. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты. Министр, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалатын жеткізді. Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі. 

Хабарламаларға жазылу