Қарағанды шахталары тарихындағы ең үлкен апат болуы мүмкін - мамандар
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада апат болғандар саны сағат сайын өсіп жатыр. Оқиға орнында біздің тілшіміз жүр. Руслан, неше адам мерт болған? Соңғы ақпараттармен бөліссең.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Иә кеше түнгі сағат 2.30 шамасында шахтада апат болған. Оқыс оқиға кезінде жер астында 252 кенші жүрген. 205 адам сыртқа шығып үлгерген. Қазір келіп түскен ақпарат бойынша 21 адам қаза тапқан. Тағы 23 адам іздестірілуде. Ауруханаға зардап шеккен 20 кенші жатқызылды.
Мамандар шахтада алдымен жалын шыққан, соңы апатқа ұласқан деп жатр. Қазір бұл туралы мамандардың берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Виктор Гафиулов, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:
Бастапқыда жалын шыққан. Ол туралы кезеші дабыл берген. Сол от көзінен метан газы жарылған деп болжап отырмыз. Алдыңғы ауысым өз жұмысын атқарған кезде шахтада газ мөлшерінің көбеюі сынды жағдайлар байқалған жоқ. Арнайы қойған дабыл құрылғылары қалыпты жағдайды көрсетіп тұрды.
Ауруханаға зардап шеккен 20 жуық кенші жатқызылды. Бұл Қарағанды шахталары тарихындағы ең үлкен апат болуы мүмкін,-дейді мамандар. Қазір жер астында 40 құтқарушы мен 10 арнайы техника жұмыс істеуде. Кеншілердің туған-туыстарымен психолог мамандар жұмыс істеуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05