Костенкодағы апат: Оқиға хронологиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Костенкодағы апат: Оқиға хронологиясы

29.10.2023

Бұл Қарағанды шахталары тарихындағы ең үлкен апат болуы мүмкін, дейді мамандар. Ал, 28 жылда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахталарында 11 апат болып, жалпы 138 адам ажал құшқан.

Компания тарихындағы алғашқы апат 1995 жылы «Ленин» шахтасында болған. Метан мен ауа қоспасы жарылып, салдарынан 13 кенші қаза тапқан. Арада тура үш жыл өткенде дәл осы шахтада газ жарылып, 3 азаматтың өмірі қиылса, 1999 жылы Ленин шахтасында метан жарылып, тағы 3 шахтер көз жұмды. 2004 жылы «Шахтинскте» газ жарылып 23 кенші қайтыс болды. Ең үлкен қайғылы оқиға 2006 жылы тіркелді. «Ленин» шахтасында желдету құбырларын ауыстыру кезінде жарылыс болып, 41 адам көз жұмған. 2008 жылы 2 бірдей апат болып, 35 адам жан тапсырды. Осыдан кейін компанияға бірнеше ескерту жасалса да, оқыс оқиғалар тиылмады. Ал биыл 1 жылда қатарынан 3 апат болды. Соңғы рет 2 ай бұрын ғана «Қазақстан» шахтасында өрт болып, бес кеншінің денесі табылған.


Хабарламаларға жазылу