ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысы

27.10.2023

Қызметтердің еркін саудасы туралы келісім ТМД елдері арасындағы өзара іс-қимылды жаңа сапалы деңгейге шығарады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Бішкекте өтіп жатқан ТМД елдерінің үкіметі басшылары кеңесінің кезекті отырысында айтты. Премьер-министр жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, қатысушы елдер арасындағы өзара саудада оң серпін сақталып отырғанын атап өтті. Бұл көбіне Еркін сауда аймағы туралы шартты бірлесе іске асыру нәтижесінде мүмкін болып отырғанына да ерекше назар аударды. ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.Олардың барлығы да ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Жиында электрокөліктерді кедендік бажсыз әкелу мәселесі де талқыланды.

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Кедендік бажсыз электрокөлік әкелуге ең соңғы жыл болды. Біз енді 2 жылға оны жалғастырдық. 96 мың электрокөлікке квота бөліндлі. Оның 30 мыңы Қазақстанға арналған.

Қаракөз Кенжебаева


Хабарламаларға жазылу