Абай облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

24.10.2023

Абай облысы өз алдына дербес өңір атанғалы Семей қаласында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Мереке қарсаңында Семейде 32 отбасы баспаналы болды. Ал жалпы өңірде барлығы 170 тен астам жанұяға пәтер кілті табыс етілді. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 32 отбасы мереке қарсаңында үйлі болды. Әр үйдің ауданы 80-100 шаршы метр. Бөлмелері кең, тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Баспаналы болып, қуанышқа кенелген семейліктердің бірі -көпбалалы ана -Анар Қалижанова.

Анар Қалижарова, қала тұрғыны:

5 баламыз бар, қуанып жатырмыз, бүгін үй алып жатырмыз, Республика күні құтты болсын! Көп рахмет. Бүгін қуанышты күн біз үшін, көптен күткен күніміз.
Қазір Қарағайлы ықшам ауданында да көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Жыл соңына дейін әлеуметтік аз қамтылған 200-ден астам отбасы жаңа үйлерге қоныстанатын болады.

Нұрбол Нұрсағатов, қала әкімі:

«Келесі жылға да бізде үлкен үлкен жоспарлар бар. Одан басқа бізде ипотекалық ұйымдармен жұмыс жасап жатырмыз. «Бақытты отбасы» программасы арқылы жұмыс жасап жатырмыз, өздеріңіз білесіздер Қарағайлыда көптеген үйлердің құрлысы жүріп, жылдың аяғына дейін аяқталатын болады.
Облыс орталығында 13 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамту үшін биыл бюджеттен бес млрдтан астам қаражат бөлінген. Алдағы үш жылда тағы 148 көпқабатты тұрғын үй салынып, 6 мың 800 отбасы үйлі болмақ.

Нұргүл Садықова

Хабарламаларға жазылу