Е.Қарин: Бүгін Президент марапаттауында жан-жақты тұшымды ой-пікір айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин: Бүгін Президент марапаттауында жан-жақты тұшымды ой-пікір айтылды

24.10.2023

Президент бүгін ішкі және сыртқы саясатқа, әлеуметтік-экономикалық саясатқа және аймақтарды дамытуға қатысты тұшымды ой-пікір айтты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм парақшасында осылай жазды. Ол Президент сөзіндегі 5 басымдыққа тоқталған.

1. Біз жалпыұлттық басты құндылығымыз – Тәуелсіздікті қастерлеп, қорғауымыз керек. Сол үшін салиқалы сыртқы саясат жүргізіп, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтаймыз.

2. Қоғамда радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік үстемдік құруға тиіс.

3. Реформалар халықтың саяси сана-сезімін едәуір өзгертті. Жұртымыз мемлекетті басқарудың бұрынғы тәсілін қайтаруға жол бермейді.

4. Бүгінгі жастар – Қазақстанның келешектегі келбеті. Сондықтан Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарға арнайы үндеу жолдады.

5. Адал еңбек пен жауапкершілік игі істердің ұйытқысы болуға тиіс. Қоғамда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі керек.

Мемлекеттік саясаттың мазмұны мен ішкі мақсат-міндеттері осындай мызғымас құндылықтарға негізделеді, - деп жазды Ерлан Қарин.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу