Цахал Хамастың нысандарына соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цахал Хамастың нысандарына соққы берді

20.10.2023

Израильдің қорғаныс армиясы Хамасқа тиесілі 100-ден астам нысанға әуеден соққы берді. Цахалдың бүгін таратқан баспасөз релизінде шабуылға ұшыраған нысандар арасында жерасты туннелі, қару-жарақ қоймасы және басқару орталықтары бар екені жазылған. Бұған дейін Хамас Израиль снарядтары Газадағы грек шіркеуінің аумағына түскенін және онда жасырынған бірнеше адам қаза тапқанын мәлімдеген еді. «BBC»-дің хабарлауынша, Израиль армиясы бұл ақпараттың мән-жайын анықтап жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу