«Қарағанды-Балқаш» автобанының 325 шақырымы жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарағанды-Балқаш» автобанының 325 шақырымы жөнделді

19.10.2023

Президент еліміздегі автожолдардың құрылысы мен сапасына жете мән беруді тапсырды. Осыған орай жөндеу жұмыстары ұзаққа созылған «Қарағанды-Балқаш» автобанының төрт жолағына жыл соңына дейін түгел асфальт жабындысының бірінші қабаты төселіп бітеді. Жалпы ұзындығы 363 шақырым. Қазір соның 325 шақырымында жұмыс аяқталды.

Әділбек Айназаров, «Қазавтожол» ҰК АҚ ҚОФ бөлім басшысы:

Жыл соңына дейін 4 жолақты аяқтап үлгереміз. Жол жабынының төменгі қабаты бойынша. Бірақ 8 айналма жол бар, сондықтан да қауіпсіздік тарапынан біздің ұйғарымымыз бойынша әзірге жыл соңына дейін 2 жолақпен жүру жоспарланып отыр.

Жол салу жұмыстары екі жыл пандемия салдарынан кешікті. Кейін құрылыс материалдары қымбаттады. Жобаның бастапқы құны 248 миллиард теңге болса, қазір бағаның шарықтауынан 317 млрд теңгеге жеткен. Мерідгерлердің сұрауымен жоба құжатындағы бағаға өзгерістер енгізілді. Дегенмен үнемдеудің арқасында қажетті қаражаттың 60 миллиард теңгесі айқындалған. Қазынадан қосымша тек 10 миллиард теңге қарастырылуда.

Берік Жайсаңбаев, мердігер компанияның жоба жетекшісі:

Біз осы ақырғы слойдың алдында ол жұмыстарыдң бәрі түзеледі. Келесі жылдан бастап асфальттың ақырғы слойын саламыз. Сосын абаттандыру, белгілерді қою толығымен бітіріледі.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу