Қалқаман-Баянауыл-Қарағанды тас жолының 174 шақырымы жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалқаман-Баянауыл-Қарағанды тас жолының 174 шақырымы жөнделді

17.06.2019

Бұл игілікке бюджеттен 7 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Ендігі мәселе осы жолды аман сақтап қалу. Павлодар облыстық көліктік бақылау инспекциясы бұл мақсатқа аймақ тұрғындарын жұмылдырмақ. Ол үшін байланыс операторы арқылы «ыстық желі» ашты. Сол арқылы шамадан тыс жүк артылған көлікті көрген кез келген адам «смс» хабарлама жіберіп полиция, прокуратура, мемлекеттік кірістер қызметін құлағдар етеді.

Тағы бір жаңашылдық, ауа температурасы 25 градустан жоғары көтерілген жағдайда жүк көліктеріне ыстық қайтқанша асфальт жолмен жүруге тиым салынады. Айта кету керек, аймақта 21 мыңға жуық ауыр жүк таситын көліктер тіркелген. 70-ке жуық кен орындары бар. Олардың көбі Екібастұз бен Баянауыл аумағында.

Мәдениет Ахметов, Баянауыл әкімінің орынбасары:

Біздің ауданда қиыршық тас бар, әк тас дейміз, ол да бар. Құм, тас, көмір де бар. Бүгінгі күні осы істелген жолды қалай алып қалу керек? Өйткені, үлкен жүк таситын көліктер кіріп жатыр. Ертең жол бұзылатын болса, осындай тағы ақша бөлінеді, тағы да жол уақытында істелінеді деген нәрсе ол болмайтын нәрсе деп ойлаймыз.

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу