Сенатор: Көгалдандыруға бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалды
Елімізде егілген әрбір үшінші тал тамыр жая алмай, қурап қалады. Сенатор Нұрлан Бекенов көгалдандыру жұмысын сынға алып, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып отыр деді. Президент 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған. Соған сәйкес 2021 жылы 138 млн, былтыр 280 млн тал егілген. Олардың тек 70 пайызы жерсінген. Биыл 409 млн тал отырғызу жоспарланған. Тенденция сақталса, оның 120 млн-ы қурап қалуы мүмкін. Сондықтан мұндайға жол бергендер жауапкершілікке тартылу керек дейді депутат. Бұдан бөлек ол ормандар мен курорттық аймақтардағы барлық ғимараттар мен құрылыстарды тексеруді ұсынды.
Нұрлан Бекенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өсімдіктер мен ағаштарды өсіру, сондай-ақ оларға күтім жасау тәсілдерін қайта қарау керек деп санаймын. Көшет отырғызатын мердігерлік ұйымдарға ағаштарды одан әрі міндетті түрде күтіп-баптау мен жай-күйіне мониторинг жасау және ол туралы есеп беру тәртібі бекітілсін. Бұл міндет қызмет көрсету шартында көрсетіліп, оларды орындамағаны үшін жауапкершілік туралы талаппен бірге жазылуы керек.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда С.Сейфуллиннің жеке заттары мен қолжазбалары қойылған көшпелі көрме өтті
05.06.2026, 10:27
Ақтауда өңіраралық экологиялық форум өтті
05.06.2026, 10:25
Қазақстан ғарыш тарихының жаңа дәуірі
05.06.2026, 10:22
Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды
05.06.2026, 10:18
Оқушыларымыз халықаралық олимпиадада топ жарды
05.06.2026, 10:10
Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінің жеңімпазы атанды
05.06.2026, 10:08
Амнистия әкімшілік айыппұл арқалағандарға мүмкіндік береді
05.06.2026, 10:07
Астанада жасөспірімді қаққан жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалды
05.06.2026, 10:06